$ 521.9  593.5  6.39

Алматыда әйелді темір сойылмен ұрған күдіктіге қатысты дерек шықты

Анастасия Борисова 5 сәуір күні жұмыстан келе жатқан анасын ер адам темір сойылмен ұрып, соққыға жыққанын айтқан болатын.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Түрксіб аудандық полиция басқармасы адамның денсаулығына қасақана орташа ауыр зиян тигізген адамға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

«Күдіктіні ұстап, жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел шаралар кешені жүріп жатыр. Сонымен қатар, оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында тергеу басталды», - деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Алматыда тұратын 24 жастағы Анастасия Борисова 5 сәуір күні жұмыстан келе жатқан анасын ер адам темір сойылмен ұрып, соққыға жыққанын айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары