Аталған іске қатысты тергеу басталды.
Жамбыл облысы Шу қаласындағы ауруханаға қайтыс болған жүкті әйелдің туыстары шабуыл жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жақында марқұмның туған-туыстары аурухана ғимаратына баса көктеп кіріп, ауруханада жанжал шығарғаны белгілі болды. Оқиғаның бейнежазбасы желіге таралды. Кадрда олардың есіктердің әйнектерін ұрып, медициналық қызметкерлерге шабуыл жасағаны бейнеленген.
Полиция департаментіне Шудағы аудандық ауруханада болған жанжалға байланысты шағымдар түспеген. Құқық қорғау органы осы оқиға бойынша тергеу амалдарын бастады.