$ 518.21  590.09  6.3

Қазақстандықтар енді танымал кофехана желісінен қазақ тілін талап етіп жатыр

Жазба тез таралып, пікірталас тудырды.

Фото: Яндекс
Фото: Яндекс

Starbucks кофеханалар желісі де қазақстандықтардың сынына қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астана тұрғыны Threads әлеуметтік желісінде өз оқиғасын айтып, мекеме қызметкерлерінің қазақ тілін білмейтініне наразылығын білдірді. Жазба тез таралып, пікірталас тудырды.

Кеше мен Talan Towers-тегі Starbucks-қа бардым. Кассада бір қазақ жігіті тұр екен. Кофеге қазақ тілінде тапсырыс бердім, түсінбеді. Осыншама ірі компанияның жұмысшылары қазақ тілін білмейтініне таң қалдым. Басшылық неге мемлекеттік тілді білуді талап етпейді? — деді автор.

Қазақстандықтар 2gis-тегі кофехана мекен жайына пікір қалдырып, қазақ тілінде қызмет етуді талап етіп жатыр.

«Тек қазақша қызмет етіңдер», «Қазақстанда тұрып, орысша сөйлей ме», - деген сынды бірнеше пікір қалдырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары