$ 523.2  594.3  6.38

«Әкімдік уәде береді, бірақ нақты әрекет жоқ»: Астанада сквердің орнына тұрғын үй кешені салынбақ (ВИДЕО)

Үкіметтің 2024 жылғы қаулысына сәйкес сквер салынуы тиіс болған.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Астанадағы №72 мектепте бала саны шамадан тыс көбейіп кеткені сонша — кейбір оқушылар сабақтарын мектеп дәлізінде оқуға мәжбүр. Бұл жағдай ата-аналардың алаңдаушылығын тудыруда. Қала тұрғындары қалада толып тұрған тұрғын үй кешендерінің орнына мектеп, аурухана, балақша салынсын деп наразылық білдіруде, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы @astana_brothers Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Мектеп толып кеткен. Балалар дәлізде оқып жатыр», – дейді тұрғындар. 

Сонымен қатар, Қошқарбаев көшесі, 30 мекенжайында, бастапқыда Үкіметтің 2024 жылғы қаулысына сәйкес сквер салынуы тиіс болған. Алайда қала әкімдігі бұл қаулыны тоқтатып, оның орнына жаңа көпқабатты тұрғын үй кешенінің (ТҮК) құрылысына рұқсат берген. Бұл шешімді ГАСК арқылы “Сенсата групп” компаниясы жүзеге асырып жатыр.

«Генпланда сквер көзделген еді. Енді соның орнына үй салып жатыр. Неге бізге қажеті жоқ үй салынып жатыр? Бізге сквер керек!» – дейді тұрғындар.

Аудан әкімінің орынбасары Сарайшық шағынауданының тұрғындарына скверді қайтару үшін барлық шаралар қолға алынып жатқанын айтып, сендірмек болды. Алайда тұрғындар бұл сөздерге сенбейді.

«Бәрі бір-біріне сілтейді. Әуелі үй салып алып, кейін “үлескерлерді қорғап жатырмыз” дейтіндері анық. Мұндай бассыздықты доғару керек!» – дейді тұрғындар ашына.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары