"Сахнаға қайта оралдым".
Әлемдік жұлдыз Up All Night турнесінің басталғанын жариялады. Бұл туралы әншінің Instagram желісіндегі ресми дереккөзден белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Америкалық актриса және әнші Дженнифер Лопес гастрольдік сапары аясында 1 тамызда Астанада Astana Arena-да өнер көрсетеді. Тур 1 шілдеде басталып, 3 тамызға дейін жалғасады. Ол әлемнің 17 қаласын қамтиды, соның ішінде: Анталья мен Ыстанбұл, Мадрид пен Барселона, Будапешт, Варшава, Бухарест, Әбу-Даби және т.б. бар.
"Барлық халықаралық JLovers үшін айтарым, мен осы жазда бірнеше таңдаулы орында өнер көрсетемін. Сахнаға қайта оралып, бәріңізді көргенше асықпын. Бұл таңғажайып жаз болады", - деп түсіндірді Дженнифер Лопес алдағы тур туралы.