08.04.2025, 12:40

Енді таксистер туристерді алдай алмайды

Фото: Esquire Kazakhstan

Оның алдын алу үшін QR код жүйесі жасалды.

Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов туристер алданып қалмас үшін жаңа жоба қолға алынып жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

«Кейде туристер келген бетте такси, байланыс, валюта айырбастау сияқты қызметтерден алданып қалып жатады. Оның алдын алу үшін QR код жүйесі жасалды. Оның ішінде такси, электронды СИМ-карта, қонақ үй брондау, негізгі ақпарат пен тіркелу қызметтері жинақталды», - деді министр.

Бұл QR кодтар еліміздің 4 қаласында, яғни Астана, Ақтау, Түркістан және Шымкент қалаларында орналастырылған.

«Қазіргі таңда аэропорттар QR кодтарды орналастыру үшін қосымша қаражат сұрайды. Осыған орай тәжірибені кең тарату үшін тиісті әкімдіктер мен Көлік министрлігінің қолдауы қажет. QR кодты барлық әуежайларға, вокзалдар мен шекара өткелдеріне орналастыру керек», - деп айтты Туризм саласы басшысы Үкімет отырысында.