Бұл туралы @halyqstanBOT Telegram-арнасы хабарлаған.
Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылындағы №1 мектеп-лицейдің дене шынықтыру пәні мұғалімі оқушыларға дөрекі қарым-қатынас жасағаны үшін сынға ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы @halyqstanBOT Telegram-арнасы хабарлаған.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларда педагогтің оқушылармен ұрысып, оларды видеоға түсіріп жатқаны, сондай-ақ ата-аналардан түскен шағымдарға байланысты балаларға ашулана сөйлегені байқалады. Тағы бір видеода мұғалім оқушыларды «ақымақ», «мисыз» деп балағаттап, педагогикалық әдеп нормаларын өрескел бұзған.
Бұдан бөлек, тағы бір бейнематериалда мұғалімнің оқушыны сыныпқа күшпен кіргізіп, оны ұялы телефонға түсіргені көрінеді.
Ата-аналар бұл жағдайға қатты алаңдап отыр. Олар облыстық білім басқармасынан аталған фактіге байланысты кешенді тексеру жүргізуді талап етуде. Ата-аналардың айтуынша, мұндай агрессивті қарым-қатынас алдағы уақытта балалардың психологиялық және физикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.
Қазіргі уақытта қоғам белсенділері мен желі қолданушылары бұл жағдайға қатысты тиісті органдардың ресми түсініктеме беруін сұрап отыр.