08.04.2025, 19:00

Алматыдағы дүлей дауыл: адам шығыны тіркелді

Фото: oka.fm

Оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматы облысындағы Шамалған ауылының маңында қатты дауыл кезінде ер адамның үстіне ағаш құлап, салдарынан ол көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, 7 сәуірде "Алматы-Бішкек" тас жолының 37-шақырымында Шамалған ауылына жақын жерде қатты желден ағаш құлап, салдарынан 46 жастағы ер адам қаза тапты.

"Осы оқиға бойынша полиция қызметкерлері мен уәкілетті органдардың қатысуымен кешенді тексеру жүріп жатыр. Азаматтарды қолайсыз ауа райы жағдайында сақтық шараларын сақтауға және төтенше жағдайлар қызметінің нұсқауын орындауға шақырамыз", - деді Алматы облысының полиция департаменті өкілдері.

Еске сала кетейік, 7 сәуір кешке Алматыда күн бұзылып, қатты дауыл тұрды. Салдарынан үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлады.