Қайғылы жағдай Қосшы қаласындағы «Лесная поляна» тұрғын үй кешенінің ауласында болған.
Ақмола облысында екі жасар қызды жаншып өткен көлік жүргізушісі үй қамаққа алынды. Тізгіндегі әйел енді бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай Қосшы қаласындағы «Лесная поляна» тұрғын үй кешенінің ауласында болған. Енді ғана тәй-тәй басқан балақай үлкендердің қарауынсыз ойнап жүр. Жол үстіне жүгіріп шыққанда көлік таптап өтеді.
Жантүршігерлік сәт бақылау камерасына түсіп қалған. Онда жүргізушінің бұрылыс жасаған сәтінде қараусыз қалған бүлдіршінді басып өткенін анық байқауға болады.