09.04.2025, 11:00

«Күйеуіңді қарабет қылдың ғой»: Қазақстандық блогердің лифтіде түсірген видеосы қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Жар таңдауда қателеспеу керек.

Қазақстандық танымал блогер Sajol актер Шәріп Серіктің атышулы видеосын қайталаймын деп сынға қалды. Желі жұлдызы қоғамды дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Соңғы жаңалықтар мені таңғалдырды. Көп абьюзер жігіттер сырттан білінбейді екен. Өзімнің күйеуіме көз тимесін отбасылық өміріміздің бес жылында қол көтермек түгілі дауыс көтермеген. Жар таңдауда қателеспеу керек”, – деп жазды блогер. 

Желі қолданушылары блогердің іс-әрекетін сынап, күйеуінің қол көтергенін есіне салып жатыр. 

“Өзің де бір рет ажырастың емес пе?!”, “2023 жылы қайын ағам мен күйеуім ұрды деп шулатқаныңды ұмыттың ба?!”, “Біреудің жанды жеріне тигізіп не болды?!”, “Елге күйеуіңді қарабет қылдың ғой”, “Өзінің күйеуі де ұрған, соны ұмытып отыр” “Шәкентиді мазақ қылғандағы түрі ғой”, – деп жазды көпшілік.