Үкімет қызмет түрлерінің тізімін өзі реттейді.
Қазақстанда арнаулы салық режимі ұсынылды. Енді үй маңындағы дүкендер мен шаштараздар салық төлемейді, деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.
Үкімет мүшесінің сөзінше, Қазақстан үкіметі жаңа арнаулы салық режимін енгізуді ұсынды. Бұл режим тек белгілі бір қызмет түрлеріне және B2C (бизнес-тұтынушы) операцияларына қолданылмақ. В2В (бизнес-бизнеске) операциялары тек арнайы салық режимі шеңберінде жүзеге асырылады. Егер жалпы салық режимінде жұмыс істейтін кәсіпкер тауарды немесе қызметті арнаулы режимде жұмыс істейтін салық төлеушіден сатып алса, онда ол мұндай шығындарды шегеруге құқығы болмайды.
"Үкімет қызмет түрлерінің тізімін өзі реттейді, бұл ретте «үй жанындағы» дүкендер, шаштараздар және халықпен жұмыс істейтін басқа кәсіпкерлер жаңа шарттарға сәйкес келіп, қосылған құн салығын төлеуші болмайды. Олар үшін қосымша салықтық міндеттемелер пайда болмайды", - деді Жұманғарин.