"Балалары болса қалай болады екен".
Шаңырақ көтерген екі егіз жігіт бір үйдің егіз қыздарын алып, той жасаған. Тойда болған жігіттердің келеңсіз оқиғасы желіде тарады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеода беташар рәсімінен кейін қыздарды шатастырып алғанын көруге болады. Жігіттердің іс-әрекетіне қарап, еріксіз күлесің. Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.
"Балалары болса қалай болады екен", "Беттеріне қарап үңілгені ше", "Қандай керемет, бақытты болсын", "Абысындар араз болмайды қайта", - деп жазды.