Бүгін алғашқы отырысты онлайн форматта да көрсетті.
Алматы облысының мамандандырылған қылмыстық сотында Талғардағы жасөспірімнің өліміне байланысты іс бойынша алдын ала тыңдау өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Жоғарғы сот мынадай мәлімет таратты. Сот алдына бірқатар күдікті шығарылды:
А.Н.Шынасыл аса ауыр қылмыс — қасақана адам өлтіру және бұзақылық бойынша айыпталуда; Р.М.Сакиев — кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық бойынша; А.М.Тоқтаубаев — бұзақылық және ұрлық бойынша; Әскентай, Белғожаева, Ильясова, Тоқтаубаева және Қалиахмет — бұзақылық жасағаны үшін айыпталуда; Сонымен қатар, кәмелетке толмаған бір жасөспірім (Е.) қылмысты жасыру бойынша (ҚК 434-бап) айыпталып отыр.Соттың шешімі бойынша, іс ашық форматта қаралатын болды — яғни, кез келген адам қатыса алады. Бүгін алғашқы отырысты онлайн форматта да көрсетті. Басты сот процесі 2025 жылдың 17 сәуірінде сағат 10:00-де басталады.