Қазақ – сабырлы халық, кез келген түсініспеушілікті ақылмен шешкен елміз.
Magnum сауда желісінің топ-менеджері Нияз Шапақов видео жариялады. Бұл туралы Шыңғыс Мұқан өзінің жеке парақшасына жүктеді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қадірлі тұтынушыларымыз, қымбатты отандастар! Соңғы күндері болған жағдай сіздердің де, біздің де көңілімізге кірбің түсірді.
Қазақ – сабырлы халық, кез келген түсініспеушілікті ақылмен шешкен елміз.Біз де осы дәстүрді ұстанып, қызметкеріміз бен клиентіміз арасындағы келіспеушілікті реттедік. Тараптар бір-бірімен татуласып, өзара кешірім сұрап, қол алысты. Бүгінде мәселе толық шешіліп, қызметкеріміз өз жұмысын жалғастыруда.
Бәріміз қазақпыз. Осы елдің азаматымыз. Әрине, біз де қазақ тілін құрметтейміз. Ана тіліміз — басты құндылығымыз.
Оны білу - әрбіріміздің асыл парызымыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", – деді компанияның топ-менеджері Нияз Шапақов.
Magnum өкілдері бұл жағдайдан сабақ алғандарын және болашақта мұндай түсініспеушіліктерді болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдайтындарын жеткізді.
Олар жұмыстан шығарған тапсырыс жеткізушіні қайтадан қабылдаған.