$ 514.94  583.74  6.13

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Астанада шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 11 сәуірде Астанада және тағы 16 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жетісу облысында шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Түнде облыстың батысында үсік 2 градус.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), шығысында, орталығында қатты жаңбыр, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстік-батысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 25 м/с. 

Маңғыстау облысының орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. 

Павлодар облысында оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. 

Ұлытау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Астанада шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-18 м/с. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары