11.04.2025, 02:30

«Қазақ тілін құрметтейміз»: Магнумның топ-менеджері халық алдына шықты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Қазақ – сабырлы халық, кез келген түсініспеушілікті ақылмен шешкен елміз. 

Magnum сауда желісінің топ-менеджері Нияз Шапақов видео жариялады. Бұл туралы Шыңғыс Мұқан өзінің жеке парақшасына жүктеді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қадірлі тұтынушыларымыз, қымбатты отандастар! Соңғы күндері болған жағдай сіздердің де, біздің де көңілімізге кірбің түсірді.   Қазақ – сабырлы халық, кез келген түсініспеушілікті ақылмен шешкен елміз. 

Біз де осы дәстүрді ұстанып, қызметкеріміз бен клиентіміз арасындағы келіспеушілікті реттедік. Тараптар бір-бірімен татуласып, өзара кешірім сұрап, қол алысты. Бүгінде мәселе толық шешіліп, қызметкеріміз өз жұмысын жалғастыруда. 

Бәріміз қазақпыз. Осы елдің азаматымыз. Әрине, біз де қазақ тілін құрметтейміз. Ана тіліміз — басты құндылығымыз.  Оны білу - әрбіріміздің асыл парызымыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", – деді компанияның топ-менеджері Нияз Шапақов. 

Magnum өкілдері бұл жағдайдан сабақ алғандарын және болашақта мұндай түсініспеушіліктерді болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдайтындарын жеткізді.

Олар жұмыстан шығарған тапсырыс жеткізушіні қайтадан қабылдаған.