$ 521.9  593.5  6.39

«Қайта тірілткендей болдың»: Актер Шыңғыс Қапин Мұрат Насыровтың образында елді таңқалдырды (ВИДЕО)

Шаш үлгісін, киімін, тіпті көзілдірігіне дейін қайталаған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қазақстандық танымал актер және тележүргізуші Шыңғыс Қапин әйгілі әнші Мұрат Насыровтың бейнесін қайталап, әлеуметтік желіге жүктеді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол 90-жылдардағы эстрада жұлдызының стилін дәлме-дәл келтіріп, көпшіліктің назарын өзіне аударды. Шаш үлгісін, киімін, тіпті көзілдірігне дейін қайталаған.

Желі қолданушылары Қапиннің әншіге ерекше ұқсастығын атап, жылы пікірлерін жаудырды. 

"Қатты ұқсайды", "Қайта тірілткендей болдың", "Дереу ол туралы киноға түсу керек", "Сіз деп ойламадық, Мұрат Насыровтың дәл өзі ме дедім", "Қалай дәл қайталаған", - деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әнші #актер