Шаш үлгісін, киімін, тіпті көзілдірігіне дейін қайталаған.
Қазақстандық танымал актер және тележүргізуші Шыңғыс Қапин әйгілі әнші Мұрат Насыровтың бейнесін қайталап, әлеуметтік желіге жүктеді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол 90-жылдардағы эстрада жұлдызының стилін дәлме-дәл келтіріп, көпшіліктің назарын өзіне аударды. Шаш үлгісін, киімін, тіпті көзілдірігне дейін қайталаған.
Желі қолданушылары Қапиннің әншіге ерекше ұқсастығын атап, жылы пікірлерін жаудырды.
"Қатты ұқсайды", "Қайта тірілткендей болдың", "Дереу ол туралы киноға түсу керек", "Сіз деп ойламадық, Мұрат Насыровтың дәл өзі ме дедім", "Қалай дәл қайталаған", - деп жазды оқырмандар.