Талғар әкімі тұрғынның шағымы қалай шешілетінін айтты.
Талғар қаласының әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы тұрғындардың мәселесін әлеуметтік желі арқылы шешетін болған, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Қала әкімі TikTok-тың жұлдызына айналып, тұрғындарының шағымын әлеуметтік желідегі парақшасына қалдырған пікірлер арқылы біліп отыратын болған. Ол өзі жариялаған видеоларға қалдырылған пікірлер мен шағымдарға белсенді түрде жауап беріп, көзге түсе бастаған.
Мысалы, бүгін Арыстанбек Әбілқайырұлы Дана есімді тұрғынның өтініші орындалатынын айтты.
«Қайырлы таң, әкім мырза! Жұмысыңызға сәттілік. Талғар емханасының жолын жасаңызшы, шұңқырға түсіп кеттім. Адамдар көп жүретін негізгі көше сол емес пе?! Машинаға обал», - деді тұрғын.
Талғар әкімі тұрғынның шағымы қалай шешілетінін айтты.
«Қайырлы таң, Дана қарындасым! Жақсы, қабылданды. Бүгін жігіттер бір жағына қарай шығарады. Қай жерді айтып отырғаныңызды түсіндім. Сұрағыңызға рақмет», - деп жауап берді әкім.