Бүгін концертке билет алу басталды.
Әлем жұлдызы Дженнифер Лопес биыл жазда Астанада концертін береді. Бүгін концертке билет алу басталды. Бірақ ticketon.kz сайты сатылым басталғалы бері істеп шығып, құлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Естеріңізде болса, Үкімет отырысында елімізде Дженнифер Лопес концертін беретіні жайлы ақпарат айтылған болатын.
Бұл жаңалықты қазақстандықтар бірнеше күн бойы әлеуметтік желілерде қызу талқылады.
Билеттердің сатылымы 11 сәуір күні сағат 11:00-де басталуы тиіс болған, алайда әзірге билет сатып алу мүмкін болмай тұр.
Дәл қазір сағат 12:10. Сайт әлі істемей тұр.