2018 жылдан бастап 1,4 миллион теңгеге берешек жинақталған.
Жамбыл облысы Шу ауданында бес баланың анасы алимент төлеуден жалтарғаны үшін тергеуге алынып, берешегін өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
24 қаңтарда Шу ауданы прокуратурасының бастамасымен полиция бөлімі бес баланың анасы алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамау фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 139-бабымен (Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. 2018 жылдан бастап 1,4 миллион теңгеге берешек жинақталған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның алимент төлеуге мүмкіндігі болғаны, алайда төлеу үшін қажетті шаралар қолданбағаны анықталды. Бұдан бөлек, борышкердің меншігінде үйі және жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер телімі бар екені анықталды. 25 ақпанда жылы тараптардың өзара келісімі бойынша аталған үй алимент берешегін өтеу есебіне берілді.
Қол жеткізілген медиативтік келісімге сәйкес борышкер алиментті тұрақты түрде төлеуге міндеттенді.
11 наурызда екі жақтың татуласуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылды. Бұл ақтауға келмейді. Дегенмен қабылданған шаралар профилактикалық әсер етті және алимент бойынша берешектің толық өтелуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.