Бұл – 2025 жылы елордада тіркелген 8-ші осындай оқиға.
Астанада қайғылы оқиға тіркелді – сәби 15-қабаттың терезесінен құлап, алған жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға 8 сәуір күні болған. Полиция мәліметінше, сәби ас үйде ересектердің қарауынсыз қалған. Ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Бұл – 2025 жылы елордада тіркелген 8-ші осындай оқиға. Оның үшеуі балалардың өлімімен аяқталған.
Бұған дейін, 27 наурызда, үш жасар бала екінші қабаттың балконынан құлап кеткені туралы ақпарат түскен. Алдын ала дерекке сүйенсек, анасы балаларын пәтерде жалғыз қалдырып, сыртқа шығып кеткен. Жедел жәрдем қызметі зардап шеккен баланы ауруханаға жеткізген.
Полиция ата-аналарға үндеу жасады.
«Мұндай оқиғалардың басты себебі – ата-аналардың балаларға жеткілікті назар аудармауы және үй ішіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауы», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.