$ 523.2  594.3  6.38

«Жаңа өмірдің бастауы»: Мүгедек анасын асырап отырған жалғызбасты әке баспаналы болды (ВИДЕО)

Сүйінші 1347ші баспана табысталды!

Фото:  turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

«Харекет» қайырымдылық қоры тағы бір ерекше отбасыға баспана сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2021 жылы әйелінен заңды түрде ажырасып, қазіргі таңда мүгедек қарт анасын асырап отырған жалғызбасты әке тосыннан баспаналы болды.

Жалғызбасты әкенің арманы анасын және балаларын асырап жеткізу екен. Баспаналы болған отбасы мүшелері көздеріне жас алып, қуаныштарын жасырмады.

«Сүйінші 1347ші баспана табысталды! Қарт анасын жалғыз қалдырмай, ұл-қыздарын өзі асырап отырған жалғыз басты әкенің қуанышына куә болыңыздар. Тағы бір отбасы баспаналы болды! Бұл – жай ғана үй емес, жаңа өмірдің бастауы!», - дейді қайырымдылық қорының парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 31
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары