15.04.2025, 11:10

Маңғыстау облысындағы оқушы өлімі: Зәкиева пікір білдірді

Фото: baq.kz, Ақтолқын Тұрлығазы

Бүгін өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ақжігіт ауылына жол тартады.

 

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы Ақжігіт ауылында мектеп оқушыларына қатысты ақша жинау және қорқыту деректеріне байланысты прокуратура тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Оның мәліметінше, 15 сәуір күні таңертең өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ақжігіт ауылына жол тартады.

Тағы оқыңыз: «Оқушылардан ақша жинап, қорқытады». Маңғыстауда бір топ ата-ана дабыл қақты

Еске салайық, бұған дейін Ақжігіт ауылының 24 отбасы полиция бөліміне ашық хат жолдап, мектеп оқушыларынан ақша бопсалау мен қорқыту деректерін тоқтатуды талап еткен болатын. Ауыл тұрғындары мұндай әрекеттердің салдары 17 жастағы оқушының қайғылы қазасына әкеліп соққанын айтып, дабыл қаққан. Қазіргі таңда аталған факті бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, күдікті ұсталғанын хабарлаған.