Бұл істе төрт айыпталушы бар.
Қарағандыда мүгедектігі бар азаматты қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Жантүршігерлік оқиға есірткінің заңсыз айналымына қатысты сот процесінде ашылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Информбюро арнасына сілтеме жасап.
Қала тұрғындары бірнеше жыл бойы көшеде қайыр сұрап жүрген қол-аяғы жоқ адамды байқаған. Оған жиналған барлық қаражатты белгілі бір "қожайын" алып отырған. Оны күнде көлікпен жұмысқа әкеліп, кешкісін үйіне жеткізіп отыр. Мүгедектігі бар азамат кенет жоғалып кеткенде, оны өлтіріп кетті деген қауесет тараған. Оның тірі екені сот отырысында белгілі болды. Қайыр сұраған адамның күнделікті табысын бір жыл бұрын есірткі саудасымен сотталған азамат алып отырған. Қазір оның сыбайластары сот алдында жауап беріп жатыр.
“Сізге екі бап бойынша айып тағылды. Бірі ұйымдасқан қылмысық топқа қатысу. Мойындайсыз ба, жоқ па? – Жоқ. Ал келесі бап – Қылмыстық кодекстің 128 бабы, 4-бөлігі. Сіз өз әрекетіңізді мойындайсыз ба? - Жоқ”, – деді сот отырысында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы Галина Жилина.
Бұл істе төрт айыпталушы бар. Олар бір-бірімен туыс. Сот барысында түрлерін түсіруге тыйым салды. Олар мүгедектігі бар азаматтың тапқан ақшасын қорқытып-үркітіп тартып алған. Күнделікті табысы 30-100 мың теңге аралығында болыпты. Қазір жазасын өтеп жатқан туысы оны қайыр сұрауға мәжбүрлеген.
Сотталушылар арбаға таңылған адамның кішкентай қызы мен әйелін ертіп жүріп, аз қамтылған отбасыларға осылай көмектесіп жатқандарын айтқан.
Сот отырысында прокурор Ботакөз Нұрбекова сотталушылардан жауап алды.
“Баланың жасы нешеде екенін білесіз бе? Ол 4 жыл бойы қайда, кіммен бірге тұрды? – Ол Анна Бесковамен бірге тұрды. – Ол не үшін Анна Бесковамен бірге тұрды? – Олар өз бетімен қарай алмады. – Сіз мұны қайдан білесіз? – Өздері айтты”, – деген диалог болды.
Тергеушілердің айтуынша, бала мүгедектігі бар ер адам мен оның әйеліне қоқан-лоқы жасау құралы болған. Жауап алу жалғасып жатыр.