Сәуірдің басында желіде Нұржан Нығматулинге қарсы қылмыстық істің тергеліп жатқаны туралы ақпарат тарады.
Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты іс тергеліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Біз Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде рейдерлік фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын растаймыз, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа мәлімет жария етілмейді", - деді ҚМА ресми өкілі.
Айта кетейік, сәуірдің басында желіде Нұржан Нығматулинге қарсы қылмыстық істің тергеліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Жазбаға қатысты ІІМ өкілі пікір білдірді.