$ 521.9  593.5  6.39

«Орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім»: 38 жастағы әйелдің тұсауын кескен депутат жұртшылыққа ақталды

Одан бір теріс нәрсе іздеудің қажеті жоқ. 

Фото: abai.kz
Фото: abai.kz

38 жастағы әйелдің тұсауын кесіп, қызу талқыға түскен депутат Дәулет Мұқаев мән-жайды түсіндірді. Оның сөзінше, тұсау кесіп жүргеніге 10 жылдай уақыт болған көрінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Неше түрлі пікірлерді әрине, жазып жатады. Осы уақытқа дейін 36 жастағы әйелдің тұсауын кесті деді. Ол кісі “мен сүріншекпін, тұсауым ала жіппен кесілмеген, жай ғана ырымын жасап беріңізші” деді. Әлеуметтік желіде де көп жазып жатады. Мен оларға кішкентай баланың ғана тұсауын кесетінімді айтамын. Ал жолын жайып қойып, жібін ұстап тұрғаннан кейін мен одан бас тарта алмадым, – деп ақталды депутат. 

Депутат тұсау кесетінін жария ету әбестік, оғаш қылық санамайтынын жасырмады.

“Екіншіден, осыны көріп өзге ұлттың азаматтары да біздің қазақтың дәстүріне сіңісіп жатқанын көремін. Осы уақытқа дейін орыстың да, кәрістің де тұсауын кестім. Одан бір теріс нәрсе іздеудің қажеті жоқ. Жұмыс жұмысымен, ал мұның бәрі жұмыстан тыс демалыс уақытында жасалып жатқан әрекет, – дейді Дәулет Мұқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 1
Күлкілі 6
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары