16.04.2025, 19:20

Бүгін Жер бетінде ерекше құбылыс болады

Фото: pixabay

Мұны Сәуле астрономиясы зертханасы мен Ғарыштық зерттеулер институты мәлімдеген. 

Ғалымдардың сөзінше, геомагнитті фон әсіресе түстен кейін, шамамен 15:00-де күрт өзгеруі ықтимал. Түнге қарай дауыл G1 деңгейіне дейін әлсірейді.  Магнитті дауылдың негізгі себебі – 13 сәуірдегі Күннен Жерге қарай екі ірі жалын тілінің бөлінуі. Олар 15 сәуір күні кештетіп Жерге жетті, енді бүгін кешке геомагнитті белсенділікті тудырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Болжам бойынша, 16 сәуірдегі магнитті дауыл үш кезеңге бөлінеді. Бұл кезең таңнан кешке дейінгі уақытты қамтиды. 

Дауылдың пайда болу ықтималдығы – 70%. Ғалымдар бұл түнде және келесі күні түнде полярлы шұғыла байқалуы мүмкін екенін алға тартады.  Магнитті дауылдар Жердің магнит өрісіндегі күшті ауытқулар саналады. Олар жүрек-қантамыр аурулары бар адамдардың жағдайын нашарлатуы, бас ауруын немесе әлсіздік туғызуы мүмкін. Сондай-ақ, техника мен байланыс жүйелерінің жұмысына да әсер етуі ықтимал.

Дәрігерлер магнитті дауыл уақытында белсенді әрекеттерді азайтып, көбірек тынығу қажет екенін еске салады. Стреске түспей, жеңіл тамақтану мен суды көбірек ішуге де кеңес береді. Сол секілді, ішімдік және кофеден бас тартқан дұрыс. Әлбетте, ұйқы мен сергектік режимін сақтаған абзал. Сосын созылмалы аурулары бар жандарға дәрілерді оңай жерге сақтау маңызды. Келесі магнитті дауылдар 22 және 24 сәуір күндері өтеді деп болжанған.