Сұрақ қойғандардың ішінде пәтер жағдайын айтып, жылап тұрып сұрақ қойғандар да болды.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек «Сарайшық» ауданының тұрғындарымен есептік кездесу барысында тұрғындарыдың арыз-шағымдарын тыңдады. Жеңіс Қасымбекке көше жолдары, тұрғын үй жағдайлары, пәтер илерінің кооперативтері жайлы сұрақтар қойылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Сұрақ қойғандардың ішінде пәтер жағдайын айтып, жылап тұрып сұрақ қойғандар да болды.
«Алаяқтарға алдандым, көмек беріңіз. Полиция мен прокуратураға да арыздандым. Мен өмір бойы полиграфияда жұмыс істеп, ең төменгі зейнетақыны аламын. Өмір бойы жұмыс істеп тапқан пәтерім, неге мен сандалып жүруім керек?», - деп жылады тұрғын.
Әкім тұрғынды сабырға шақырып, жеке қабылдайтынын айтты.
«Мені тыңдаңыз. Осы жерде, не кейін мәселеңізді қарастырамыз. Қазір сұрақты түсіну қиын. Мен құқық қорғау органдарындағы әріптестеріме айтамын. Сізді түсініп тұрмын», - деді ол.