Істі судья Ержан Жанұзақов қарастырып жатыр.
Шерзат Болаттың қазасына қатысты іс бойынша өтіп жатқан сот отырысына адвокат кешігіп келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Істі судья Ержан Жанұзақов қарастырып жатыр. Ол 10 сәуірде бұл іс бойынша алдын ала тыңдау өткенін және сот процесінің ашық режимде өтетінін еске салды.
«Ашық және әділ сот төрелігін қамтамасыз ету мақсатында, қоғамда жалған немесе бұрмаланған ақпараттың таралуының алдын алу үшін сотқа қатысушылардан процесс аяқталғанға дейін бұқаралық ақпарат құралдарына түсініктеме бермеуді сұраймын. Кейбір жағдайларда бұл әрекеттер сотқа қысым көрсету ретінде бағалануы мүмкін», — деді судья.
Отырыстың басында судья адвокат Антай Қалиеваның сотқа кешігіп келгеніне ескерту жасап, себебін сұрады.
«Құрметті сотқа қатысушылар, бұл іске көптеген тарап пен БАҚ өкілдері қатысып отыр. Барлығы осы сот отырысын күтіп отыр. Сондықтан бір-бірімізді құрметтеп, сот отырысына уақытылы келулеріңізді сұраймын. Бұл — сізге бірінші ескерту. Егер қайталанса, жауапкершілікке тартыласыз», — деді Ержан Жанұзақов.