$ 521.9  593.5  6.39

«Шетелде емделуге мәжбүрмін»: қала тұрғыны Жеңіс Қасымбектің көмегін сынға алды

Себебі бізде не лаборатария, не дұрыс орталық жоқ.

Фото: informburo.kz
Фото: informburo.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек «Сарайшық» ауданының тұрғындарымен есептік кездесу барысында қала тұрғыны бірқатар мәселені көтеріп, сын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

«Денсаулыққа қатысты мәселе туындап отыр, 14 млн теңгенің дәрі-дәрмегі әлі жетпей жатыр. Қабылдауға да жазбады. Мен үнемі шетелге емделуге барамын. Себебі бізде не лаборатария, не дұрыс орталық жоқ. Үлкен орталықтарды ақша үшін ұстап отырмыз ба? Қажырым таусылды. 6 ота жасадым. Шетелде менің құжатыма да қарамайды. Ақшаң болса, емдейді. Мен пәтерімді 23 жыл күттім», - деді қала тұрғыны.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғыннан оған көмектесуге мүмкіндік беруді сұрады. Алайда қала тұрғыны әкімнің сөзін бөліп, сәйкесінше көмек көрсетілмегенін айтты. Ол отадан кейін оңалту дәрі-дәрмектері 450 мың тұратынын айтты.

«Мен үнемі допингпен өмір сүруім керек. Ақша бөлінбей жатыр. Препарат жоқ. Былтыр 20 литр қан құйылды», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 28
Күлкілі 4
Ашулы 74

Серіктес жаңалықтары