Президент жарлығы бойынша министр Жеңіс Қасымбек жаңа министрліктің басшысы болып тағайындалды. Қазақстанда енді индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрлігі пайда болды деп хабарлайды «Ақорда».
Көмір бағасын төмендету үшін инвестициялар және даму министрлігі тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы, жергілікті атқарушы органдар және қоймалардағы коммуналдық-тұрмыстық көмірді сатушылар арасында меморандум жобасын әзірледі деп жазады Sputniknews.kz.
Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Жамбыл облысындағы пойыз апатына қатысты тергеуге пікір білдірді деп жазады Tengrinews.kz.
Жыл сайын республика бойынша 40 мың адамға үй салуға он сотық жер берілетін болады деп жазады "Спутник-Қазақстан" ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекке сілтеме жасап.
Бұған дейін Маңғыстау облысын бірнеше жыл қатарынан басқарған Алик Айдарбаев ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары боп тағайындалды. Бұл туралы аталған ведомство басшысы Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.