Сен қандай сүйкімдісің" дейді көбі.
Қазақстандық волейбол жұлдызы қарудан атып жанкүйерлерін таңқалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сәбина Алтынбекова спорттан тыс өмірінде күтпеген қырымен бөлісті. Желіде белсенділік танытатын спортшы қыз өзінің қауіпті, бірақ қызықты хоббиін жария етті.
Сәбина өзінің Instagram-парақшасында қару тирінен видео жариялады. Кадрларда ол әртүрлі отты қару түрлерін кәсіби деңгейде меңгеріп, дәлдікпен атқан оқтарының нәтижесін көрсетеді.
"Сен қандай сүйкімдісің" дейді көбі. Ал менің шынайы болмысым – осы", – деп жазды Сәбина.
Бұл жазба бірден жанкүйерлердің назарын аударған.
Айта кетейік, Сәбина Алтынбекова биыл наурыз айында продюсер Саят Тостықбаевпен ажырасқанын мәлімдеген. Екеуі 2020 жылдың желтоқсанында некелесіп, 2021 жылдың қазан айында ұлды болған еді. Қазір Сәбина ана әрі кәсіби спортшы ретінде өмірін жалғастырып келеді.