18.04.2025, 13:40

Назгүл мен Құндызға берілген үй басқа адамға сатылып кеткен (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай мәлім етті.

Түркістан облысында 17 жыл бойы құлдықта болған Назгүл мен Құндызға сыйланған баспана өзге адамға сатылып кеткен. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, 2023 жылдың қыркүйек айында Ілияс Сәриев есімді блогер жігіт апалы-сіңілі қыздарға баспана кілтін табыстаған.

Журналист үйдің құрылысы қашан бітетінін білу үшін Алматы облысы Қарасай ауданы Кемертоған ауылына барып қайтқан.

Аталған жердегі құрылысшылар үйді Марсбек деген қырғыз ұлтының адамы сатып алғанын айтқан. Журналист кейін Krisha.kz сайтында Құндыз бен Назгүлге берілу керек үй 45 млн теңгеге сатылымға шығарылғанын анықтады.

«2022 жылдың жаз айында Ілияс Сариев «Елге көмек» қайырымдылық қорының атынан Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған ауылынан 10 мұқтаж жанға тегін баспана береміз деп, елден садақа жинаған. Кімнің есепшотына десеңіздер, айтайын. Әлгі ММ ТРАВЕЛДІҢ ИЕСІ Ақтоты Болатқызының қалтасы майланған. «Елдің үйі» деген тамаша атты иеленген баспанаға секунд сайын қалың қазақ қомақты сомма салған», - деп жазды Р.Өтепбай.