18.04.2025, 17:20

Жылап жүріп өнер көрсеткен астаналық бүлдіршін желіні жарды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Астаналық 5 жасар биші Томирис өнер көрсетер сәтінде биінен шатасып қалған.

Әлеуметтік желіде тараған жылап жүріп билеген кішкентай бүлдіршіннің видеосы жұрттың көңілін босатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астаналық 5 жасар биші Томирис өнер көрсетер сәтінде биінен шатасып қалған.

Видеода қобалжыған кішкентай қыздың шыдамай жылап жібергенін байқауға болады. Дегенмен, төрешілер биін қайтадан басынан бастауға рұқсат беріп, бүлдіршінге қолдау көрсетті.

Томиристің командасы да қалыспай, қыздың көз жасын сүртіп, көңілін аулады.