$ 521.9  593.5  6.39

«Жаны шығып бара жатты»: Шерзаттың әкесі көлікте баласына реанимация жасаған

Ол баласының көлікте өмір мен өлім арасында болғанын айтады.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Шерзат Болаттың өліміне байланысты сот отырысында оның әкесі Қаржаубай Нұрымов баласының өмірін аман алып қалуға тырысқан сәтін баяндады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Оның айтуынша, сол күні жарақат алған Шерзат пен Нұрқанатты көлікпен шұғыл түрде ауруханаға жеткізбек болған. Жолда көліктің жылдамдығын арттырған сәтте Шерзат орындықтан сырғып түсіп кеткен.

«Тоқтадым. Қарасам, жаны шығып бара жатыр екен. Көлікке алған кезде пульсі бар еді. Бірақ жолда келе жатқанда жағдайы нашарлап кетті. Тоқтаған кезде пульсі мүлдем жоғалды, Сол сәтте өзім реанимация жасауға кірістім», – деді Қаржаубай Нұрымов.

Ол баласының көлікте өмір мен өлім арасында болғанын айтады. Ауруханаға жеткенде Шерзат пен Нұрқанат бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Нұрқанаттың да жағдайы ауыр болған – ол үш жерден пышақталып, басына ауыр жарақат алып, миы шайқалған.

«Ал баламды қараған дәрігерлер кешірім сұрады», – деді әкесі сотта сөйлеген сөзінде.

Қазір бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырыстары жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары