19.04.2025, 15:30

«Есі дұрыс па»: Қызына қорқор тартқызған ана сынға қалды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Видео сипаттамасында «анасына тартқан» деген жазу жазылған.

Әлеуметтік желіде кішкентай қызына қорқор тартқызған ананың видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бейнежазба Madenishok парақшасында жарияланған. Кадрлардан әйел адамның 5-6 жас шамасындағы бүлдіршінге қорқор беріп, оның шеккен сәтін бақылап отырғанын көруге болады. Видео сипаттамасында «анасына тартқан» деген жазу жазылған.

Аталған жағдайға байланысты желі қолданушылары теріс пікір білдіріп жатыр. Олар бұл әрекетті айыптап, құқық қорғау органдарының араласуын талап етуде.

Пікірлер арасында «сотқа беру керек», «ата-ана құқығынан айыру қажет», «есі дұрыс па өзі?» деген  сындар айтылған.

Қазіргі уақытта бейнежазба қай өңірде және қашан түсірілгені белгісіз. Дегенмен, оқиға әлеуметтік желіде кеңінен таралып, қызу талқыға түсті.