20.04.2025, 13:30

Қазақ деп қайта аталғанымызға – 100 жыл – Мұрат Әбенов

Фото: abai.kz

Қазақ мемлекетінің 1562 жылғы Лондон қаласында баспада шыққан ағылшын картасында "Cassackia" деп аталған.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ халқы үшін тарихи маңызы бар құжаттарды жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Тура жүз жыл бұрын , 1925 жылы 15-19 сәуір аралығында Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің бесінші бүкілқазақ съезі Ақмешіт қаласында өтті. Сол съезде Киргиз АКСР-і болып жүрген республика өзінің «қазақ» атауын қайтарып алды», - деп жазды депутат.

Қашаннан бастап қазақты қырғыз деп атап бастаған?

"Мен Қазақпын" деп өз өзін ғасырлар бойы мақтанышпен атап жүрген Қазақ халқы Қырғыз елімен ортақ мемлекеттілігі болмағанын, көршілерімен тарихы бөлек екенін жақсы білген.

Бірнеше ғасыр бұрын шет елден келген зерттеушілер , географ картографтар "ҚАЗАҚ" халқы бар ҚАЗАҚ деп аталатын елі бар деп тарихи құжаттарға еңгізіп қойған.

Мысалы, Қазақ мемлекетінің 1562 жылғы Лондон қаласында баспада шыққан ағылшын картасында "Cassackia" деп аталған. Одан кейін де шыққан ресми деректер көп.

Барлық көрші елдер, оның ішінде қырғыздар да, орыс халқысы да бізді Қазақ деп атаған.

"Қырғыз" деп 1734 жылы Ресей империясының ресми құжаттарында өзгерген», - деп қорытындылады ол.