20.04.2025, 21:30

Жамбыл облысында үш бала газға уланып, көз жұмды

Фото: ult.kz

Балалар 4, 6 және 8 жаста.

Жамбыл облысында үш бала анасы жоқта газға уланып көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Меркі ауданында жалдамалы пәтерде тұратын отбасының үш баласы газға уланып қалды. Балалар 4, 6 және 8 жаста.

Анасы балаларын жалдамалы пәтерде тастап кеткен. Үйге оралған кезде газ иісін сезіп, қыздарын ауруханаға жеткізуге тырысқан. Алайда ол кезде олар мерт болып кетіпті.

"Отбасы тұрақты түрде әлеуметтік көмек алған. АӘК, бірреттік жәрдемақы, алимент және мектеп формасына қаражат бөлінген. Анасы 2025 жылғы қаңтардан бастап тұрақты жұмыс істеген", – деп мәлімдеді әкімдік.

Қазір арнайы жұмыс тобы құрылып, отбасына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетіліп жатыр.