21.04.2025, 08:30

Найзағай ойнап, бұршақ жауады: Еліміздің сегіз өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: bizmedia.kz

Бұл туралы "Қазгидромет" мәлім етті.

21 сәуір күні Астана мен еліміздің сегіз өңірінде найзағай, қатты жел және кей жерлерде бұршақ күтілетіні туралы дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астанада күндіз найзағай ойнап, желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауыса отырып, екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Абай облысының солтүстігі мен орталығында найзағай мен бұршақ болжануда. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Атырау облысында күндіз шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар аралас жауын, күндіз найзағай мен бұршақ болжанады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 25 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында күндіз шығыс және солтүстік-шығыс бағыттағы жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының батысы мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Желдің екпіні кей жерлерде 23 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғып, 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауады, ал күндіз оңтүстік-батыста найзағай болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай болжанады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында мамандар тұрғындарға ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, аса сақ болуды және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.