$ 517.16  588.48  6.23

Астаналықтар қоғамдық көліктің тазалығына шағымданды

Оның айтуынша, автобустың ішінде шаң, құм және лас.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Елорда тұрғындары қалалық қоғамдық көліктің тазалығы жайында мәселе көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Әлеуметтік желілерде автобустардың ішіндегі лас күйіне қатысты шағым таралып жатыр. Автобус салонының жағдайын сынға алған жазба Instagram желісіндегі танымал пабликтердің бірінде жарияланды.

Жазба авторы №14 бағыттағы автобустың лас күйіне наразы болған. Оның айтуынша, автобустың ішінде шаң, құм және лас.

Сәлеметсіздер ме, №14 бағыттағы автобус іші өте лас, шаң мен құм толып тұр. Автобустар автопаркте неге жуылмайды? Бұл әсіресе Астанаға келген қонақтардың алдында ұят жағдай, – делінген жарияланымда.

Пост астындағы пікірлерде көпшілік авторды қолдап, бұл мәселе тек №14 бағытқа ғана емес, басқа да бағыттарға қатысты екенін айтқан. Қала тұрғындары тиісті мекемелерден шара қабылдап, автобустардың тазалығын қадағалауды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары