21.04.2025, 17:40

«Алып қашқан қыздың жолын бөгейтін әжелерді жазалау керек» - Феминист Әйгерім Құсайынқызы

Фото: видеодан скриншот

Бұл туралы ол журналист Әйкерім Есенәліге берген сұхбатында айтты.

Феминист Әйгерім Құсайынқызы алып қашқан қыз кетпек болған кезде оны бөгейтін әжелерді жазалау жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол журналист Әйкерім Есенәліге берген сұхбатында айтты.

«Қыз алып қашуды қылмыс ретінде қарастырған кезде Қалида Жолыдова деген құрбым бар. Сол кезде жолда жатқан әжейлерді де жауапқа тартайық деп сол ұсынды. Негізі, қылмыстық бапта «біріккен қылмыс» деген бұрыннан бар. Бірақ ол жерде әжелерді жауапқа тартпайды. Мен бұл жерде әжелерді кінәлаудан сәл аулақ болатын едім. Себебі, ол апалардың басқа көрген моделі жоқ. Өздері солай келді, өздері өз заманының құрбаны. Оларды екінші рет жазалайтын болсақ біздің әділеттігіміз қайда?», — деді феминист.

Сондай-ақ, ол сұхбат барысында бір жыныстыларды қолдайтындармен неге бөлініп кеткені туралы айтып берді.

«Бөлініп кеткен себебіміз — біздің күн тәртібіміз екітүрлі. Ол әйелдер маршын құнсыздандырады. 2016-дан бастап феминистік марш ұйымдастыратын комитет былтыр 2024 жылы осы тақырып аясында пікіріміз келіспегеннен кейін екі жаққа кеттік. Яғни, біздің марштың мақсаты тек қана — әйелдер, лгбт емес. Себебі, ЛГБТ мен әйелдердің тақырыбы екітүрлі. Әйелдер маршында лгбт тақырыбы болғанына қарсымын. ЛГБТ тақырыбының күн тәртібіне болғанына қарсымын. Себебі, елде 52% әйелдер бар және олардың мәселесін ЛГБТ мәселесімен салыстыруға да келмейді. ЛГБТ тақырыбының феминистермен шатастыруына қарсымын», — деді феминист.