Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.
21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол пәтердің терезесінен секірген. Дереккөздің хабарлауынша, 43 жастағы Б. ҰҚК Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
- Полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр, - делінген хабарламада.