22.04.2025, 11:35

Шымкенттегі шабуыл тек бір шенеунікке емес, бүкіл ақпараттық қауіпсіздікке жасалған шабуыл – саясаттанушы

Фото: жеке парақшасынан

Оның сөзінше, фактіні сүзгіден өткізу – ұлттық қауіпсіздіктің бір бөлігі.

Саясаттанушы Қазбек Майгельдинов Шымкентте шенеунікті оқ атылған жағдайға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Кешегі Шымкенттегі шабуыл тек бір шенеунікке емес, бүкіл ақпараттық қауіпсіздікке жасалған шабуыл болды. Расталмаған суреттер, алып-қашпа сөздер, журналистік этиканы белден басу – бәрі бір сәтте орын алды. Бұл жағдай – біз ақпараттық соғыстың алғашқы шабуылына да төтеп бере алмайтынымызды айғақтады, - деді Майгельдинов.

Оның сөзінше, фактіні сүзгіден өткізу – ұлттық қауіпсіздіктің бір бөлігі. БАҚ пен қоғам эмоцияға емес, дәлелге сүйенуі тиіс.

Еске сала кетейік, бұған дейін экс-депутат, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кеткенін хабарладық. Желіде Берденовке шабуыл жасалған жерден видео тарады. Руслан Берденовтің жағдайы туралы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімет берді.