$ 521.53  601.01  6.43

Дина Таңсәрі Черногория билігінен баспана сұрады

Қазақстан мен Черногория арасында экстрадициялау туралы халықаралық шарт жоқ.

Фото: facebook.com/dina.tansari.kz
Фото: facebook.com/dina.tansari.kz

Бас прокуратура “НеМолчи” қорының басшысы Дина Таңсәрінің Черногориядан баспана сұратқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

15 сәуірде экстрадициялау рәсімі аясында Черногория соты Дина Таңсәріні босатты. Өйткені оның Черногориядан баспана сұраған өтініші әлі қаралмады.

Ведомство Қазақстан мен Черногория арасында экстрадициялау туралы халықаралық шарт жоқ екенін айтты. Сондықтан оны экстрадициялау туралы шешімді Черногория құзыретті органдары қабылдайды.

"Қазір Қазақстанда Дина Таңсәріге қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі үзілді", – деп хабарлады Бас прокуратура.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары