$ 521.53  601.01  6.43

«Арамнан арылтуға күш салған қамқоршы». Нұрлан имам Берденовке саулық тіледі (ФОТО)

Қолдаушымыз Жаратқан әрдайым қорғасын!

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Танымал имам Нұрлан Асанов Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке саулық тілеп, оның қандай азамат екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Елдің елдігін ойлаған, арамнан арылтуға күш салған қамқоршы Руслан бауырым, Алланың шипасы болсын! Қолдаушымыз Жаратқан әрдайым қорғасын! Әумин! – деп жазды имам.

Еске сала кетейік, бұған дейін экс-депутат, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кеткенін хабарладық. Желіде Берденовке шабуыл жасалған жерден видео тарады. Руслан Берденовтің жағдайы туралы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімет берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары