22.04.2025, 16:00

Алматыда жолаушы такси жүргізушісін балағаттап, ұрып тастады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Полиция қылмыстық іс қозғады.

Алматыда жолаушылар көлікте темекі шекпеуді өтінген такси жүргізушісін балағаттап, ұрып жіберген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы тұрғыны Влад Кравчук Instagram парақшасында ашуға булығып, балағат сөздер айтып жатқан жолаушылардың видеосын жариялады. Кадрлардан екі ер адамның такси жүргізушісімен сөз таластырып, аузына келгенін айтып жатқанын байқауға болады. Бір уақытта азаматтардың бірі жүргізушінің бетінен ұрып жібереді. Ол бар болғаны көлікте темекі шекпеуін өтінген. Осыдан кейін жүргізуші жолаушыларды ары қарай апарудан бас тартып, шығуын өтінген. Бірақ олар көліктен түсуге асықпаған. Жүргізуші "көліктегі әңгімені жазу" функциясын қосқан кезде, екеуі көліктен түсіп кеткен. Полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.