$ 521.53  601.01  6.43

«Қару ұстап, әділетсіздікке күйіп кетті ме екен?»: Заңгер Шымкенттегі қылмысқа қатысты ойын айтты

Ләззат Рақышева айтып өткендей, қылмыстың бірнеше себебі қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр.

Фото: жеке мұрағатынан
Фото: жеке мұрағатынан

Заңгер Ләззат Рақышева Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Шымкенттегі әкім орынбасарына оқ атылғаны туралы елдің бәрі айтып жатыр. Суыт хабарды естігенде шошындым. Мені қынжылтқаны — қос азаматтың да ел игілігі үшін қызмет етіп жүргендігі, екеуі де мемлекеттік қызметкер, лауазым иелері екен. Мені мынадай сауал мазалайды: қару кезенген азаматты әкімшілікке қызметке алған кезде оның психикасын тексерді ме екен? Жалпы, мемлекеттік салаға жұмысқа орналасар алдында психологиялық тұрғыдан жан-жақты тексеріп алған жөн болар еді, - дейді заңгер.

Ләззат Рақышева айтып өткендей, қылмыстың бірнеше себебі қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр.

Қазір ел аузында қылмысқа себеп ретінде бірнеше факт айтылып жүр. Қайсысы өтірік, қайсысы шын, Аллаға мәлім. Не жағдай болса да, екеуара туындаған кикілжіңді заң жүзінде шешуге болмас па еді? Әлде әділ сот жолықпай, қару ұстаған азамат әділетсіздікке күйіп кетті ме екен? Олай болуы әбден мүмкін. Өз басымнан өткен соң жақсы білемін. Қаншама құрбан келді алдымызға соттан, құқық қорғау органдарынан пана таппай, әділдікке жете алмай?.. Дегенмен қандай жағдай болса да, ақырына дейін күресіп, бар мәселені заң жүзінде шешу керек. Бейбіт заманда қолға қару алып, адамның өміріне қастандық жасауға ешкімнің қақы жоқ, - деп айтты сарапшы.

Оның сөзінше, осы іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Осы баптың 3-тармағы бойынша «Қылмыс жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), егер бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмеген болса, қылмысқа оқталу деп танылады» онымен қоса ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалу керек.

Осы ретте әлеуметтік желіде неше түрлі нұсқа таратып жатқан азаматтарға ескерте кеткім келеді. Оқиғаға не себеп болғанын, істің нақтысын тергеу анықтайды. Оған дейін сан-саққа жүгіртіп, неше түрлі әңгіме таратып қажет емес. Өйткені жалған ақпарат таратқандар да заң жүзінде жауапкершілікке тартылады, - деп ескертті заңгер Рақышева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары