22.04.2025, 18:20

«758 млн теңгені жымқырған»: Жамбыл облысында аурухананың лауазымды тұлғалары сотталды

Фото: Pixabay

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мәлімдеді.

Тараз қалалық соты Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары С.Шаушенова мен бас бухгалтер А.Достаеваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Агенттіктің ақпаратынша, олар "Қайрат Құрылыс-ҚК" ЖШС аффилирленген кәсіпорнына жалған құжаттар бойынша заңсыз аудару жолымен 758 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

"Бас дәрігердің орынбасары қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру бойынша сотталды. Сот үкімімен Шаушенова 9 жылға, Достаева 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар қаржылық қызметке байланысты лауазымдарды 10 жыл мерзімге атқару құқығынан айырылады", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сотталғандар қаржылық қызметке байланысты лауазымдарды 10 жыл мерзімге атқару құқығынан айырылады. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.