23.04.2025, 06:30

«Қазақтар мейірімді әрі қонақжай»: Валя Карнавал түсірілімдегі шулы жайтты жоққа шығарды (ВИДЕО)

Фото: radiokp.ru

Ол стилисттерге дөрекі сөйлеп, “колхоз” деп атаған.

Ресейлік youtube-блогер Anton S ресейлік видеоблогер және әнші Валя Карнавалдың Қазақстанда клип түсіруі барысында өзін ұстауына қатысты оқиғаны баяндап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Dalanews.kz-ке сілтеме жасап. 

Блогердің айтуынша, Валя Карнавал клип түсіру үшін Қазақстанға келген, алайда түсірілім алаңында бірде бір қазақ болмасын деген талап қойған.

«Қазақстанға келіп, алаңнан барлық жергілікті тұрғындарды алып тастауды сұрау — бұл мүлдем орынсыз әрекет. Нағыз кринж», – дейді Anton S.

Оның айтуынша, түсірілім қала маңындағы дала мен каньондарда, шамамен төрт сағаттық жерде өткен. Барлық дайындық – киім, макияж, аксессуарлар – алдын ала келісілген.

Алайда түсірілім кезінде топ мүшелерінің бірі қазақша сөйлей бастағанда, Валя Карнавал кенеттен ашуға булығып, түсірілімді тоқтатып, әлгі адамды алаңнан қуып жіберіпті-мыс.

Блогердің айтуынша, кейін Карнавал өзінің маманын алдыртып, ол 5-6 сағат жол жүріп келген. Оның міндеті — модельге ақ жейде мен джинсы кигізу ғана болған.

«Ол стилисттерге дөрекі сөйлеп, “колхоз” деп атаған. Бір қыз неге мені таңдадыңыз деп сұрағанда, Валя “мен оны корей қызы екен деп ойладым” деп жауап беріпті. Бұл – нағыз ұят жағдай», – дейді Anton S.

Бүгін ресейлік блогердің өзі телеграм арнасында бұл жайтқа қатысты пікір білдіріп, Anton S мәлімдеген нәрселердің бәрі жалған ақпарат екенін жеткізді.

"Бір жыл бұрын мен қазақстандық командамен дөрекі сөйлесіппін. Мұның бәрі жалған, ғайбат және арандату үшін істеліп отырған дүние. Оның үстіне мен қазақстандық команданың жұмысына тек тәнті болдым. Керемет клип шықты. Маған қатысты осындай жалған ақпарат тарағаны қынжылтады. Мені қаралауға бағытталған өсек-аяңға сенбеулеріңізді сұраймын", - дейді Валя.